Басты бет - Қызметтер - ГАА және ГТҚ сервистік қызмет көрсету және күрделі жөндеу

ГАА және ГТҚ сервистік қызмет көрсету және күрделі жөндеу

2011 жылы «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ өндірістік қуаттарында Қазақстан мен Орта Азиядағы газ турбиналарына сервистік қызмет көрсету және жөндеу құқығы берілген «General Electric» сервистік орталығы құрылды, бұл турбиналарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығармай жөндеу жұмыстарын айтарлықтай арзандатуға мүмкіндік береді.

General Electric өндірілген модельдерінің бір қатар ГТҚ технологиялары игерілді және жөндеулер сертификатталды, қызметкерлер Италия мен АҚШ кәсіпорындарында оқытылды.

«General Electric» сервистік орталығын құру жобасын іске асыру шеңберінде «БҚМК» АҚ күрделілігі және мақсаты түрлі деңгейдегі құрылғылардың 260-тан астам бірлігі жобаланды және жасалды, келесі жабдықтар сатып алынды:

  • Пенетранттарды бақылауға арналған камера;
  • Айналдырғы білдек (сандық бағдарламалық басқару, диаметрі 4 м бөлшектерді өңдеу);
  • Координаталық-өлшеу машинасы (күрделі беттерді өлшеу және талдау, сондай-ақ техникалық бақылау жоспарында геометриясын тексеру. Жұмыс аймағының габариттері: 1500 x2000 х 1000 (мм). Объектінің максималды салмағы: 3000 кг. Дәлдігі: 0,1 мкр. Ауытқу E = 2.5+3L/1000 мкр.);
  • Үлкен жону білдегі РТ-958;
  • Теңгеруші жабдық SCHENCK HM50U. SCHENCK HM6U бәсеңдетуші мойынтірегі бар G симметриялық жүктемесі кезіндегі ротордың салмағы – от 8000 ден 12500 кг. дейін);
  • ДР-59Л газтурбиналық қозғалтқышты жөндеуге арналған жаймалы стенд (Украина, «Зоря»-«Машпроект» өндірілген);
  • Газтермиялық қаптаманы шаңдату бойынша жабдықтар кешені (Sulzer Metco)
    • Атмосфералық плазмалық шаңдату.
    • Жоғары жылдамдықты газ жалындық шаңдату (HVOF).
    • Коррозияға қарсы жабындар.
    • Тозуға төзімді жабындар.
    • Термиялық төзімді жабындар.
    • Агрессивті орталарға төзімді жабындар;
  • Вакуумды пеш (TAV)
    • Вакуумдағы жоғары температуралық өңдеу.
    • Қатты дәнекермен вакуумды дәнекерлеу.
    • Вакуумды біріктіру.
    • Азоттау.
    • 5000 кг шегінде жүктеу.
    • 12000С дейін температура.
    • Қысымның шекті шамасы 10-7 – 10-5 мбар.);
  • Қолмен құм ағызатын камера;
  • Ротор мойындарындағы соққыны өлшеуге арналған стенд;
  • Мұз генераторы Мұз құю аппараты Аэро-40;
  • Сұйық жоғары жылдамдықты сынау стенді (белгілі қысыммен тесік арқылы өтетін судың шығынын өлшеу, Тесіктерді (бүріккішті) калибрлеу. Бүріккіштің сапасын және алаудың ашылу бұрышын көзбен шолып бақылау. Өлшем дәлдігі (±0.5 %).

«БҚМК» АҚ алған лицензияланған технология GE компаниясының ғана емес, сонымен қатар басқа компаниялардың өндірілген – газтурбиналық машинажасау саласындағы әлемдік көшбасшылармен (Man Turbo (Германия), Solar Turbines (АҚШ), Siemens (Германия), және т.б.) өндірілген жабдықтарды жөндеуге мүмкіндік береді. ГТҚ жөндеу цехын жүктеу кезінде 100-ден астам жұмыс орны тартылды.

Газтурбиналық қондырғыларға қызмет көрсету бойынша қызметтер спектріне мыналарды жөндеу жатады:

  • қалақша;
  • жану камералары;
  • корпустар;
  • отынды бүріккіш;
  • ыстық жол түйіндері;
  • кіретін бағыттаушы аппарат;
  • статор, біліктер, турбина дискілері;
  • жиынтықтағы ротор.

Бүгінгі таңда ГАА бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізудегі біздің тәжірибеміз:

  • ГТК 10-4, «Невский завод» ЖАҚ өндірілген (Ресей, Санкт-Петербург қ.), БҚО, Жаңақала ауданында орналасқан Орталық Азия – Орталығындағы (САЦ-4) газ құбырының №2 станция, «Жаңақала» компрессорлық станциясында орнатылған;
  • ГТ-750-6, «Ekol» өндірілген (Чехия, Брно қ.), Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында орналасқан Орталық Азия – Орталығындағы (САЦ-4) газ құбырының №2 станция, «Жаңақала» компрессорлық станциясында орнатылған;
  • ГПА-10-01, «Зоря» - «Машпроект» ГҒЗК МК өндірілген (Украина, Николаев қ.), Атырау олысында орналасқан, «Мақат-Солтүстік Кавказ» газ құбырының «Ақкөл» компрессорлық станциясында орнатылған, блокты орындалудағы ДР-59Л қозғалтқышы бар;

 

  • ГТК 10-И GE, Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында орналасқан «Орал» компрессорлық станциясында орнатылған Frame 3 MS 3002 жетегі бар жиынтық;
  • Frame 5002, Қарашығынақ Петролеум Оперейтинг компрессорлық станциясында орнатылған, «General Electric» өндірілген.