Басты бет - Іске асырылған жобалар

Мұнайды айдауға арналған сорғы станциялары

Мұнайды айдау сорғы станциялары – мұнай өнімдерін: бензинді, керосинді, дизель отынын, мұнайды өңдеу кәсіпорындардағы, химиялық өндірістердегі, ЖЖМ ағызу және құю пункттеріндегі, мұнайды жинау және дайындау жүйелеріндегі спирттерді құбырлық айдау жүйесіне кіретін қосымша жабдық.

Мұнайды және мұнай өнімдерін ішкі және сыртқы айдауға арналған:

  • өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін дайындау және өңдеу резервуарларына айдау кезінде;
  • теміржол және автомобиль цистерналарынан ағызу және құю кезінде;
  • мұнай өнімдерімен ластанған суларды кенорындарының тазарту құрылғыларына айдау кезінде;
  • ұстағыштардан мұнайды айдау кезінде.

Станцияның объектіде орналасқан жеріне байланысты оның орындалуы күрделі құрылыста орнатылатын жылытылған блок-бокста немесе болат негіз қаңқада болады.

 

Мұнай айдау сорғы станциясының өнімділігі8…10 000 м³/с
Қуатыот 5…5000 кВт
Арыныот 10…800 м
Жабдықтың қуат көзінің кернеуі220/380;380/660;660/1140;6000;10000В, 50 и 60 Гц
Жұмыс және резервтік сорғы агрегаттарының саны1 ден жоғары, бірлік

Мұнай айдау сорғы станцияларының жарылыс қауіпсіздігі ГОСТ 31441.1-2011, ГОСТ 31441.5-2011 талаптарына сәйкес және ГОСТ IEC 60079-1-2011 бойынша «жарылыс өткізбейтін қабықша» жарылыстан қорғау түрлері бар жабдықтың сертификатталған жарылыстан қорғалған компоненттерін, ГОСТ 30852.10-2002, ГОСТ Р МЭК 60079-11-2010 бойынша ұшқын қауіпсіз электр тізбегін, ГОСТ 31441.5-2011 бойынша құрылымдық қауіпсіздікті қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

Мұнай сорғы станциялары – келесі элементтерден тұратын зауыттық толық дайындалған жабдықтар:

  • МВУ сэндвич-панельдерден жасалған модульді типті блок-бокс, жылытқышы бар 20 немесе 40 фут т/ж контейнер (жылытқыштың қалыңдығы пайдалану өңіріне байланысты 50-200 мм).
  • Мұнайды айдауға арналған сорғылар (негізгі және резервтік қондырғылар). Сорғылар «құрғақ жүруінен» фазалардың біреуінің жоғалып кетуінен, қоректенудің кернеуінің жоғарылауынан немесе төмендеуінен қорғалған. Мұнай сорғылары мойынтіректердің және электр қозғалтқыштың орамасының температура датчиктерімен, діріл датчиктерімен жабдықталады. Тапсырыс берушінің талабы бойынша сорғы бөлмесінің ЖБЖ-ға біріктірілетін сорғы агрегаттарының діріліне бақылауды жүргізуге болады.
  • Құбыр станцияның жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретін жапқыш арматурамен – электрлендірілген ысырмалармен жабдықталған.
  • Микропроцессорлық контроллерлер негізіндегі технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі. Мұнай өнімдерін айдаудың модульдік сорғы станциялары процесті тікелей басқаруды, сонымен қатар диспетчерлік пункттен қашықтықтан басқаруды ұйымдастыруға мүмкіндік бере отырып, тапсырыс берушінің ТП АБЖ жалпы жүйесіне жеңіл енгізіледі.
  • Негізгі және апаттық жарықтандыру, желдету және жылыту, өрт сөндіру және қол жеткізуді шектеу жүйелері.
  • Технологиялық жабдықты, арматура мен құбырларды пайдалану және жөндеу үшін блок-бокста тиісті көтергіш-көліктік жабдығының болуы көзделеді.
  • Құрама жабдықтар конструктивтік орындалуы және пайдалану ауданының климаттық жағдайлары бойынша техникалық талаптардан анықталады.