Басты бет - Іске асырылған жобалар

Орал газтурбиналық станциясы

Орал ГТЭС құрылысы2008 қазан– 2010 желтоқсан
Объектіні пайдалануға енгізу актісіне қол қою2011 ж. 1 сәуір
Объектіні ҚР Әділет органдарында тіркеу2011 ж. 25 сәуір
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Орал ГТЭС пен танысу сапары2011 ж. 14 қыркүйек

ГТУ когенерациялық циклінің түрі, ГТУ ден бөлінетін газдар технологиялық қажеттіліктерге немесе жылумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын бу мен ыстық суды алу үшін кәдеге жаратушы қазандарға келіп түседі. Бұл ең кеңінен таралған, сондай-ақ ең үнемді технологиялық сұлба. Осы сұлбадағы отынды пайдалану коэффициенті 90% - ға жетеді.

  • Белгіленген электр қуаты - 54 МВт;
  • Иелік электр қуаты- 48 МВт;
  • Өндірілетін электр энергиясының көлемі – 360 млн. кВт*сағат/жыл;
  • Электр энергиясын босату – 340 млн. кВт*сағат/жыл;
  • Иелік жылу қуаты - 75 Гкал/сағат;
  • Жылу энергиясының орташа иелік босатуы – 260 мың Гкал/жыл.

 

ГТЭС іс жүзінде адамның араласуын қажет етпейтін қазіргі заманғы, жоғары технологиялық станция.

Бүкіл станцияны басқару және қызмет көрсетуді 50 адам жүзеге асырады.

Негізгі тораптар мен агрегаттарды басқару мен қадағалау, Bernecker and Rainer жетекші австриялық компаниямен жасалған, автоматтандырылған датчиктер мен мамандандырылған бағдарламалардың негізінде диспетчерлік бөлмеден жүргізіледі.

ГТЭС жұмысы Технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару және бақылау жүйесімен (ТП АБЖ) басқарылады.

Газтурбиналық қондырғы автоматты реттеу және бақылау жүйесімен (АБЖ) басқарылады. Орнатылған жабдықты басқаруға арналған қазіргі заманғы ТП АБЖ микропроцессорлық техника негізіндегі бақылау және басқару жүйесі (ББЖ) бар. ТП БАЖ-ды орнату «Южтрансэнерго» ААҚ-пен (Украина, Запорожье қ.) жүзеге асырылды.

ТП АБЖ - бұл технолог операторға жылу және электр энергиясын өндіру процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, жедел қызметкерлердің жұмысын жеңілдететін, нақты уақыт өлшемінде жұмыс істейтін жүйе.

2013 жылы Орал ГТЭС жобалық қуатына (48 МВт. сағат) жету арқасында өз шығынын өзі өтеушілікке қол жеткізді. Кәсіпорын «Бизнестің Жол Картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде субсидияланатын банктік қарызға дербес қызмет көрсетуге қабілетті. Есептік таза табыс 2014 жылы 15% - ды құрады, 2018 жылы 23% -ға артты.

Табыстылық төмендегілердің арқасында едәуір артуы мүмкін:

  • Жылу энергиясын сату.
    Инвестициялар: талап етілмейді, өйткені Орал ГТЭС жылу энергиясын өндіру және қалалық желіге беру үшін барлық қажетті жабдықтармен және инфрақұрылыммен жабдықталған.
  • Электр энергиясын шекті тарифке байламай нарықта сату. Инвестициялар: KEGOK желісіне дейін (25-30 км) желіні салу.
  • Шекті нормадан тыс тарифті келісу. Инвестициялар: 2-3 жыл ішінде реттеуші органдармен жоспарлы жұмыс істеу.
  • Орал ГТЭС турбиналарынан шығатын газдардың жылу энергиясын пайдалану есебінен өзіндік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындарды қысқарту.