Басты бет - Іске асырылған жобалар
Орал ГТЭС құрылысы | 2008 қазан– 2010 желтоқсан |
Объектіні пайдалануға енгізу актісіне қол қою | 2011 ж. 1 сәуір |
Объектіні ҚР Әділет органдарында тіркеу | 2011 ж. 25 сәуір |
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Орал ГТЭС пен танысу сапары | 2011 ж. 14 қыркүйек |
ГТУ когенерациялық циклінің түрі, ГТУ ден бөлінетін газдар технологиялық қажеттіліктерге немесе жылумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын бу мен ыстық суды алу үшін кәдеге жаратушы қазандарға келіп түседі. Бұл ең кеңінен таралған, сондай-ақ ең үнемді технологиялық сұлба. Осы сұлбадағы отынды пайдалану коэффициенті 90% - ға жетеді.
ГТЭС іс жүзінде адамның араласуын қажет етпейтін қазіргі заманғы, жоғары технологиялық станция.
Бүкіл станцияны басқару және қызмет көрсетуді 50 адам жүзеге асырады.
Негізгі тораптар мен агрегаттарды басқару мен қадағалау, Bernecker and Rainer жетекші австриялық компаниямен жасалған, автоматтандырылған датчиктер мен мамандандырылған бағдарламалардың негізінде диспетчерлік бөлмеден жүргізіледі.
ГТЭС жұмысы Технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару және бақылау жүйесімен (ТП АБЖ) басқарылады.
Газтурбиналық қондырғы автоматты реттеу және бақылау жүйесімен (АБЖ) басқарылады. Орнатылған жабдықты басқаруға арналған қазіргі заманғы ТП АБЖ микропроцессорлық техника негізіндегі бақылау және басқару жүйесі (ББЖ) бар. ТП БАЖ-ды орнату «Южтрансэнерго» ААҚ-пен (Украина, Запорожье қ.) жүзеге асырылды.
ТП АБЖ - бұл технолог операторға жылу және электр энергиясын өндіру процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, жедел қызметкерлердің жұмысын жеңілдететін, нақты уақыт өлшемінде жұмыс істейтін жүйе.
2013 жылы Орал ГТЭС жобалық қуатына (48 МВт. сағат) жету арқасында өз шығынын өзі өтеушілікке қол жеткізді. Кәсіпорын «Бизнестің Жол Картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде субсидияланатын банктік қарызға дербес қызмет көрсетуге қабілетті. Есептік таза табыс 2014 жылы 15% - ды құрады, 2018 жылы 23% -ға артты.
Табыстылық төмендегілердің арқасында едәуір артуы мүмкін: