Басты бет - Компания туралы

Компания туралы

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ тұрақты жұмысының арқасында сенімді серіктес беделіне ие. Сонымен қатар, қазіргі уақытта компания өзінің дамуының сапалы жаңа деңгейіне шықты және  өз өнімдерін экспорттауды жүзеге асыратын отандық өндірушілердің бірі болып табылады.

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ көмірсутек шикізатын өндіру және тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтарды, энергетикалық жабдықтарды, күрделілігі әр түрлі дәрежедегі металл конструкцияларын және өзге де машина жасау өнімдерін әзірлеу және өндіру бойынша отандық кәсіпорын болып табылады.

Бүгінгі таңда «БҚМК» АҚ отандық машина жасау саласындағы көшбасшылардың бірі болып саналады және Қазақстанның әр түрлі салаларына арналған ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялық жабдықтарды игеру бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысады.

Компанияның қызметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаттарымен, түрлі мемлекеттік және халықаралық наградалармен марапатталды.

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ  жоғары технологиялық заманауи өндірістік кешен болып табылады, оның құрамына: дайындама, қалыптама, механикалық өңдеу, дәнекерлеу-құрастыру, аспаптық өндірістер, дайын өнімдер мен пайдаланылатын материалдардың сапасын бақылауға арналған сынақ орталығы кіреді.

Өндіріс, жабдықты конструкторлық әзірлеу, оны тікелей жасау, жеткізу, монтаждау, жабдықты іске қосу бойынша іске қосу – баптау жұмыстарын жүзеге асыруды қоса алғанда, тапсырысты орындаудың толық циклін қамтамасыз етеді.

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ қызметінің негізгі бағыттары болып табылады:

  • Әр түрлі типті мұнайды жылыту пештерін және жылу алмастырғыш жабдықтарын жобалау, өндіру және монтаждау;
  • Мұнайды дайындау және тасымалдау объектілерін қайта құру және автоматтандыру, жобаны әзірлеу, жабдықтарды жасау және жеткізу, объектілерді толық аяқтауды қоса алғанда;
  • Көлемі 5-тен 250 м3 дейінгі жоғары қысымды ыдыстарды өндіру, соның ішінде үш фазалы сепараторлар, мұнай-газ және газ сепараторлары, құбырлық түйіндер мен жылу алмастырғыш аппараттар;
  • Магистральдық газ құбырларындағы газ айдайтын агрегаттарға арналған жабдықтарды жасау, жөндеу және монтаждау: газ айдайтын агрегаттар, ауаны тазартатын құрылғылар, құбырлы ауа жылытқыштары, мұнай мен газды салқындату жүйелері;
  • Күрделілігі әртүрлі дәрежедегі металл құрылымдарын және стандартты емес жабдықтарды жасау;
  • Газтурбиналық қондырғыларға  сервистік қызмет көрсету.