Басты бет - Компания туралы
«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ тұрақты жұмысының арқасында сенімді серіктес беделіне ие. Сонымен қатар, қазіргі уақытта компания өзінің дамуының сапалы жаңа деңгейіне шықты және өз өнімдерін экспорттауды жүзеге асыратын отандық өндірушілердің бірі болып табылады.
«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ көмірсутек шикізатын өндіру және тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтарды, энергетикалық жабдықтарды, күрделілігі әр түрлі дәрежедегі металл конструкцияларын және өзге де машина жасау өнімдерін әзірлеу және өндіру бойынша отандық кәсіпорын болып табылады.
Бүгінгі таңда «БҚМК» АҚ отандық машина жасау саласындағы көшбасшылардың бірі болып саналады және Қазақстанның әр түрлі салаларына арналған ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялық жабдықтарды игеру бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысады.
Компанияның қызметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаттарымен, түрлі мемлекеттік және халықаралық наградалармен марапатталды.
«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ жоғары технологиялық заманауи өндірістік кешен болып табылады, оның құрамына: дайындама, қалыптама, механикалық өңдеу, дәнекерлеу-құрастыру, аспаптық өндірістер, дайын өнімдер мен пайдаланылатын материалдардың сапасын бақылауға арналған сынақ орталығы кіреді.
Өндіріс, жабдықты конструкторлық әзірлеу, оны тікелей жасау, жеткізу, монтаждау, жабдықты іске қосу бойынша іске қосу – баптау жұмыстарын жүзеге асыруды қоса алғанда, тапсырысты орындаудың толық циклін қамтамасыз етеді.
«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ қызметінің негізгі бағыттары болып табылады: