Басты бет - Баспасөз орталығы - Жаңалықтар - Rettelip kórsetiletin qyzmetterdi tutynýshylar men basqa da múddeli tulǵalardyń nazaryna

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалардың назарына реттеліп көрсетілетін қызметтерді (электр энергиясын беру және тарату) атқару жөнінде табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы бірінші жарты жылдық есебі (тыңдау) өтетіндігін хабарлайды.

Тыңдау 2022 жылдың 29 шілде күні сағат 15.00-де БҚО, Орал қаласы, Орда көшесі, 1/0 мекенжайындағы конференц-залда өтеді. Аталмыш ғимаратқа кіру үшін арнайы кіру рұқсат құжаты болу керек, сондықтан 29 шілдеде сағат 15.00-ге дейін алдын ала тыңдаушылардың тізімі жасақталады.

Бұл тізімге жазылу және қызығушылық тудыратын барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: 8 (7112) 98-15-25, қос. 6528; 8-777 197 83 30.